Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Футзалдан ардагерлер чемпионатының жеңімпазы анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 02:00 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://prosports.kz/kz/news/494100-futzaldan-ardagerler-chempionatynyn-zhenimpazy-anyktaldy



Live

Спорттағы коронавирус

Футзал

Футзалдан ардагерлер чемпионатының жеңімпазы анықталдыФутзалдан ардагерлер чемпионатының жеңімпазы анықталды

Таразда футзалдан ардагерлер арасындағы республикалық чемпионаттың финалдық ойындары өтті. 6 күнге созылған доп додасында 40 пен 50 жастан жоғары ардагерлердің командалары сынға түсті.

Қазақстан ардагерлер футбол лигасы ұйымдастырған дода «Тараз Арена» спорт кешенінде өтті. Оған қазақ футболының аңызы Сейілдә Икрамұлы Байшақов келіп қатысып, жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне мұрындық болғанын айта кетейік.

40 жастан жоғары топта 11 ұжым сынға түсті. Ақтық ойында Ақтаудан келген «БС» ұжымы «Созақ» командасына жол берді. Киелі Түркістаннан келген команда қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал команда капитаны қарсыластарға қарсы жауапсыз 4 гол соқса да, ойын оңайға соққан жоқ дейді. 50 жастан жоғары топтағы командалар саны 12-ге жетті. Финалда Әулиеата намысын қорғаған «Жеңіс» пен «Намыс» додаға түсті. Шешуші матчта «Намыс» командасы қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, жарыс чемпионы атанды. Чемпионаттың сұрмергені Қуатбек Қоқанұлы болса «бүгінгі чемпиондық өткен жарыста жіберген оқылықтың орнын толтырған тыңғылықты дайындықтың нәтижесі» дейді.

Жарысты ұйымдастырушылар «өткен жылмен салыстырған чемпионатқа қатысушылардың қатары көбейіп, қызығы одан бетер арта түсуде» дейді. Ардагерлер лигасының бас хатшысы Инаят Қырықбаев жарыстың абыройы жыл сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті.

"Былтыр чемпионатты өткізгенде 50-ден жоғары 9 команда қатысқан, 40-тан жоғары 10 команда қатысқан. Жалпы саны 19 команда болған. Бір жылдың ішінде біздің чемпионатымыздың рейтінгі жоғары көтерілді деп есептесе болады. Карантинге қарамастан Қазақстанның түкпір-түкпірінен бірнеше командалар келді", дейді И.Қырықбаев.

Жеңіске жеткен ойыншылардың мойнына медаль тағылып, командаларға кубок тапсырылды. Одан өзге ойында үздік болған ойыншылардың да еңбегі елеусіз қалмады. «Үздік қорғаушы», «Үздік сұрмерген» сынды бес түрлі номинациялар бойынша марапатталды. 50 жастан жоғары командалар арасында «Үздік қақпашы» Қанат Шертаев атанды. Дегенімен, «Жеңіс» командасының қақпашысы Марат Туғанбаевтың да өнері жанкүйерлерді тәнті етті. 100 пайыз голға айналып тұрған сәттердің өзінде ол ғаламат сейвтер жасап, қақпасын аман алып қалып жатты. Ал 40 жастан жоғары ұжымдар арасында «Үздік ойыншы» атағын Талғат Қойшыбаев жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter

0

Айбар Бақытұлы

Пікірлер

0

Ставкалар

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Әлем футболы

Бүгін қола жүлдегер ғана емес, турнирдің үздік сұрмергені де анықталуы мүмкін

Төлеш Есет

Хорватия – Англия: кімнің бағы жанады

Әлем футболы

Жартылай финалдың екінші матчына болжам

Төлеш Есет

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Әлем футболы

Екі алыптың айқасы!

Қуаныш Қаппас

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Әлем футболы

Швеция – Англия матчына болжам

Төлеш Есет

Харри Кейн бастаған англиялықтар жеңіске жете ала ма

Әлем футболы

Бүгін Швеция мен Англия құрамалары кездеседі.

Қуаныш Қаппас

Тағы жүктеу

Блогтар

блог құру

Барлық блогтар

Тағы жүктеу



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1385989
Пікірлер

Көрші сілтемелер