Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 01:50 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126750/%d0%b0%d2%9b%d1%82%d3%a9%d0%b1%d0%b5%d0%b4%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b6%d1%8b-%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d0%be/


Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған топқа қатысты сот үкімі шықты. Unnity corporation ұйымын басқарған Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға, ал оның тоғыз сыбайласы бес жылдан жаза арқалады, деп хабарлады ktk.kz.

Бұл пирамиданың ісі осыдан төрт жыл бұрын әшкере болған еді. Басшысы Қуаныш Жақсыбев елде жоқ мобильді қосымша ойлап тапқанын айтып 40 мыңға жуық адамнан ақша жинаған. Жұртқа түскен табыстан дивиденд алып тұрасыңдар деп сендіреді. Оның алаяқтығы белгілі болған бойда қамауға алынып, екі жыл бұрын сотталған еді. Кейін қаржылық пирамиданы жалғыз өзі емес, сыбайластарымен бірге құрғаны анықталып, тергеу қайта басталған.

«UNNNITY corporation» ЖШС-нің барлық жұмысы азаматтардан ақша алуға бағытталып, олардың бір бөлігі пайыз төлеуге жұмсалды. Қалғанын ұйымдастырушылар мен олардың серіктестері иемденді. Компанияның заңсыз қызметінен 2 840 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге материалдық залал келтірілді. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, жалдау шарттары, сараптама қорытындылары арқылы дәлелденді», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385986
Пікірлер

Көрші сілтемелер