Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау облысында 5460 адам коронавирус вакцинасын салдырды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:33 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/mangystau-oblysynda-5460-adam-koronavirus-vakcinasyn-saldyrdy_a3774094


Маңғыстау облысында 5460 адам коронавирус вакцинасын салдырды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында вакцина салатын 17 пункт жұмыс істеп тұр. Ал, Ақтау қаласындағы жылжымалы егу пунктерінің саны – үшеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
25 сәуірде қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасы жеткізіледі Барлық тұрғындарды вакцина салдыруға шақырамын - Ақтоты Әлназарова Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі

7 сәуір күнгі мәлімет бойынша 645 адамға вакцинаның І компоненті егілді.

Атап айтқанда, «Нейрон» медицина клиникасында - 100, ҚХА ғимаратындағы пункте - 20, Мұнайлы аудандық ОА- 70, Түпқараған аудандық ОА - 25, Маңғыстау аудандық ОА - 15, Бейнеу аудандық ОА - 70, Ақтау қалалық No1 емханасы - 160, Ақтау қалалық емханасы No 2 емханасы - 70, «Медикер плюс» медицина клиникасы - 15, «Ясин» медицина орталығы - 60 адам, Жетібай ауылдық ауруханасы - 15, «Сенім» медицина клиникасы - 25.

Вакцинаның II компонентімен 85 адам егілді. «Нейрон» медицина клиникасында - 20, Мұнайлы CRH - 30, Түпқараған CRH - 20, No 2 Ақтау қалалық емханасында - 15.

Осылайша, вакцинация басталғаннан бері облыста егілгендердің жалпы саны 5460 адамды құрады. Вакцинаның қалғаны – 3835 доза.

Бұдан бөлек, бүгін Ақтау қаласының іргесіндегі өндірістік аймақта орналасқан «ҚазАзот» мекемесінің ғимаратында «Ясин» емханасының жылжымалы егу пункті ашылды.

Мұндағы егу кабинеті күн сайын 10:00 - 14:00 аралығында жұмыс істейді. Алғашқы күні егу пунктінен «ҚазАзот» мекемесінің 40 қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Вакцина алған «ҚазАзот» АҚ қызметкері Ақбота Тулаева екпеден кейін өзін жақсы сезініп, ешқандай шағым болмағандығын айтты.

«Өзімді өте жақсы сезініп отырмын. Әрине, бастысы - адамның өз жауапкершілігі. Жақындарың үшін ауырмаудың, оларға жұқтырмаудың жолын табу. Бүгін алдын ала тексеруден жақсы нәтиже болды, әрі қарай екпе алдым. Бәрі жақсы өтті»,-дейді ол.

«Ясин» медицина орталығының дәрігері Татьяна Павлованың айтуынша, процедурадан бұрын әрбір маманның денсаулығы тексеруден өтеді.

Қан қысымы, дене температурасы, басқа да көрсеткіштері өлшенеді.

Медициналық қарсы көрсетілім болмаған жағдайда ерікті түрде екпе алуға келген адамға вакцина егіледі.

Екпе тегін салынады. Қазіргі таңда салынып жатқан вакцина - «СПУТНИК-V».

Алдағы уақытта өндірістегі мамандар екпе пунктінен вакцина алуды жоспарлап отыр.

«Ясин» медицина орталығы алдағы күндері халық көп шоғырланатын 16 шағынаудандағы «Ақтау» ОСО және 19а шағынауданда орналасқан Ә.Кекілбаев атындағы облыстық өлкетану мұражайы ғимаратында егу пунктін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Маңғыстауда күн сайын жаңа жылжымалы егу пунктері ашылып жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385975
Пікірлер

Көрші сілтемелер