Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:27 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-qazcovid-in-vakcinasy-tanystyryldy_a3774101


Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Қордай ауданында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Baq.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Барлық тұрғындарды вакцина салдыруға шақырамын - Ақтоты Әлназарова Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі СҚО-да тұрғындар 16 пунктте коронавирус вакцинасын алады

«QazCovid-in вакцинасының қорабында 10 құты бар. Әр құты 0,5 мл немесе 10 тамшы дозадан тұрады. Вакцинаны тоңазтқышта сақтауға болады, яғни 2-ден 8 градусқа дейін. Оны қатыруға болмайды», - дейді қазақстандық вакцинаны әзірлеушілердің бірі Леспек Құтымбетов.

Ол айтқандай, вакцина иммунитетті 7 айға дейін қорғайды.

«QazCovid-in — коронавирусқа қарсы 5 вакцинаның біреуі. Вакцинаны әзірлеу технологиясы әртүрлі. Біз бірден бірнеше вакцинаны бірден дайындауды бастадық. Соның бірі осы»,-деді ол.

Вакцинаның инактивті болуы ең сенімді, себебі ол мүлдем зиянсыз түрі деп айтуға болады.

Шын мәнінде, бұл - оңдаған жылдар бойы сыналған вакциналарды жасаудың дәстүрлі бағыты.

«Бірақ векторлық және субуниттік — бұл жаңа буын вакциналары. Іс жүзінде олардың тек бірнешеуі ғана кеңінен қолданылды. Айырмашылық мынада, онда басқа объектіге берілетін вирустың белгілі бір бөлігі ғана алынады. Сондықтан мұндай вакциналардың көмегімен иммунитетті қалыптастыру қиынырақ», - деді Құттымбетов.

Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы- QazCovid-in, саудаға шығарылатын атауы - QazVac.

Айта кетейік, 25 сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 50 мың дозасы «СҚ-Фармация» хабтарына жеткізіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385956
Пікірлер

Көрші сілтемелер