Негізі қазір Кубада жергілікті екі вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі жүріп жатыр. Бұл жұмыс бірер күнде аяқталуы тиіс.
Эдуардо Мартинес, фармацевтикалық компанияның директоры:
- Біздің вакциналарымыздың тиімділігі жоғары болатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені клиникалық сынақтың алғашқы екі кезеңі кезінде алынған нәтижелер осыны айғақтайды.