Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында жасөспірімнің үстіне бетон құлап, мерт болды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/466391-a-mola-oblysynda-zhas-spirimni-stine-beton-lap-mert-boldy



Ақмола облысында жасөспірімнің үстіне бетон құлап, мерт болды


Ақмола облысында жазатайым оқиға салдарынан 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бүгін, 8 сәуірдегі сағат 11:00-де Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухана фельдшері хабарласып, ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан.

«Анықталғандай, Есіл қаласының 16 жастағы тұрғыны 1-курс студентінің үстіне Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіреберістегі шатырдан (күнқағардан) бетон плита қалған. Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді», - деді ведомстводан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385947
Пікірлер

Көрші сілтемелер