Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Балық аулаудың да тәртібі бар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 23:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/271024-balyq-aulaudynh-da-tartibi-bar


«Бұл шаралар  өте маңызды. Өйткені кейбір балық түрлерінің популяциясы едәуір азайып немесе мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Мұндайға жол бермеу үшін су бассейндерінде балық аулау зиян тигізетін нақты күндер анықталады.

Мысалы, Арал-Сырдария бассейні бойынша Шардара су қоймасы су айлағынан 1 сә­уір мен 20 мамыр аралы­ғын­да, Түркістан облысы аума­ғын­дағы су айдындарында және Шардара су қоймасынан Қы­зыл­орда облысының әкімшілік ше­карасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуір мен 31 ма­мыр­ды қоса алғандағы ара­лықта балық аулауға тыйым са­лынды. Балқаш-Алакөл бас­сейні бойынша 15 сәуір мен 1 маусым аралығында, Қап­шағай су қоймасында және оған құятын барлық өзен мен ағын суда 5 сәуір мен 20 мамыр аралығында балық аулауға шектеу қойылады», делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Ертіс бассейні, Қара­қастан бастап бірінші Батин шоқысына дейін Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бө­лігінде 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында, Бұқтырма су қой­масының терең су бөлігінде бірінші Батин шоқысының басынан бастап, Бұқтырма ГЭС-не дейін 1 мамыр мен 15 мау­сым аралығында балық аулау­ға тыйым салынды. Есіл бассейнінің су айдындарында шортан, аққайран және көк­сер­ке аулауға (аулауға, жи­науға, да­­йын­дауға) 15 сәуір­ден 15 ма­­мыр­ға дейін, сазан (тұқы) 20 м­а­мырдан 20 маусымға де­йін, гаммарус 1 тамыздан 14 қыр­­­күйекке дейін және бас­қа ба­лық түрлерін аулауға шектеу қойылып отыр.

Сондай-ақ Нұра-Сарысу бассейнінде 20 сәуірден 20 ма­мырға дейін көксерке, 1 ма­мырдан 30 маусымға дейін са­зан (тұқы) аулауға тыйым са­лынды. Тобыл-Торғай бас­сейнінің аумағында, атап айт­қанда Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелдин аудандарының су айдындарында 20 наурыздан бастап 20 сәуірге дейін шортан, сазан (тұқы), табан, лай, көксерке аулауға 20 сәуірден бастап 30 мамырға дейін тыйы­м салынады.

Жайық-Каспий бассейні мен Қиғаш өзені бойынша 25 ма­мырдан бастап 31 тамызға дейін Каспий теңізінің қазақ­стандық секторының солтүстік бөлігінің су айдынында 1 сә­уірден бастап 31 тамызға дейін Жайық және Қиғаш өзен­де­рінің қосалқы су айдындарын­да балық аулауға шектеу қо­йылған. Сонымен қоса 1 нау­­рыз бен 1 шілде аралығында Шу-Талас бассейнінің Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның салаларында балық аулауға тыйым салынады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385946
Пікірлер

Көрші сілтемелер