Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теннис: Ролан Гаррос турнирі бір аптаға кейін шегерілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tennis-rolan-garros-turniri-bir-aptaga-keyin-shegerildi_a3774095


Теннис: Ролан Гаррос турнирі бір аптаға кейін шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теннистен Ролан Гаррос турнирі бір аптаға кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінде Зарина Дияспен өзара кездеседі Теннис: Зарина Дияс Чарльстон турнирін жеңіспен бастады Қазақстандық теннисшілердің Чарльстон турниріндегі қарсыластары анықталды

Жарысты ұйымдастырушылар мәлім еткендей, Франция ашық чемпионатының іріктеу сайыстары 24-28 мамырда өтеді. Ал негізгі турнир 30-ында басталып, 13 маусымда мәреге жетеді.

Франция Президенті 31 наурыз күні сөйлеген сөзінде денсаулық сақтау саласында жағдай жақсарған жағдайда мамыр айының ортасынан бастап мәдени және спорттық шаралардың кестеге сәйкес бірте-бірте жанданатынын жария еткен болатын. Соған байланысты Ролан Гарросты ұйымдастырушылар турнирді бір аптаға шегеріп, осылайша жарысты тамашалаушылар көбейеді деп үміттенеді.

Ролан Гаррос немесе Франция ашық чемпионаты – жыл сайын өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі.

Өткен жылы да дода пандемияға байланысты кейінге қалдырылып, күзде өткен болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Чарльстон турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385945
Пікірлер

Көрші сілтемелер