Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Фидия садақасы қандай жағдайда беріледі? - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 22:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126720/%d1%84%d0%b8%d0%b4%d0%b8%d1%8f-%d1%81%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d2%9b%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b6%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bb/


Дені сау адам фидия садақасын беріп, оразанның парызынан құтыла алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, дінде фидия садақа деген бар. Бұл ретте мынаған жақсылап назар аударуларыңызды сұраймын. Кейде түсінбей, ораза ұстамаған адам қаражат берсе бола ма деп жатады. Олай емес, негізі ораза – денсаулығы дұрыс, балиғат жасқа толған әрбір адамға міндеттелген құлшылық. Кім балиғат жасына толса, денсаулығы жараса, өзі оразасын ұстауы керек. Фидия садақасы бір жағдайда ғана беріледі. Яғни, ораза ұстауға денсаулығыңыз жарамай қалса немесе жасыңыз ұлғайып, әлсіреген кезде болсаңыз, фидия садақасын бересіз. Онда да жағдайыңыз келсе ғана. Демек дені сау адам фидия садақасын беріп, оразада құтылдым деуіне болмайды», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

 

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385938
Пікірлер

Көрші сілтемелер