Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұротандықтар Алматыдағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға алды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/nurotandyktar-almatydagy-zhol-zhondeu-zhumystarynyn-sapasyn-bakylauga-aldy


«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев пен Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, асфальт төсеу технологиясының сақталмауынан және тапсырыс беруші мен техникалық қадағалау өкілі тарапынан бақылаудың болмауынан Керей-Жәнібек хандары көшесіндегі сегіз учаскеде ойылған жерлер бар. Сондай-ақ аралау барысында асфальттау жұмыстары сапасыз жүргізілгені анықталды.

«Мұзтау» шағынауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу кезінде көптеген заңбұзушылықтарға жол берілген. Тиісті бақылаудың болмауы, жүргізілетін жұмыс сапасының төмендігіне, соның ішінде арнайы техниканың және тікелей жұмысшы персоналдың болмауына әкеліп соқты. Мұнымен қоса, нұротандықтар көлік құралдарының қозғалысы үшін авариялық жағдай туғызатын Бейсеуов көшесінің барлық жүріс бөлігінің бойында көптеген шұңқырлар мен опырылып түскен жолдарды тіркеді.

Бұдан бөлек, аудан тұрғындары үшін жаяу жүру және жеңіл автокөліктердің өтуі қиын Замартас және Айдарлы көшелерінде жүргізілген жер жұмыстары және асфальттаудың болмауы салдарынан, жаңбыр суларымен жол бойынан инертті материалдар жуылуда. Бұл бүкіл көше бойынша жер бөліктерінің опырылып, балшық массаларының пайда болуына әкелді. Анықталған бұзушылықтар шиеленісті жағдай туғызып қана қоймай, осы шағын аудан тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерде жағымсыз посттардың жариялануына әкелді.

«Мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың тұрғылықты жеріне қарамастан жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз ету «Алматы-2050» даму стратегиясының бірінші бағыты. Осыған байланысты, қаланы абаттандыру жұмыстарына деген немқұрайлыққа жол берілмеу керек. Біз мердігерлік ұйымдардың басшыларына ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде жоғарыда аталған барлық бұзушылықтарды жоюды тапсырдық. Бұл мәселе партия филиалы мен аудан әкімінің тікелей бақылауында болады», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385937
Пікірлер

Көрші сілтемелер