Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да мал ұрлығы 54 % кеміді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sko-da-mal-urlygy-54-kemidi_a3774033


СҚО-да мал ұрлығы 54 % кеміді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан мал ұрлығына қатысты 5 деректі тіркесе, соның барлығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр Петропавлда үйдің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды СҚО-да полицейлер Ресей аумағында іздеуде жүрген өңір тұрғынын ұстады

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейткен. Тәртіп сақшылары сондай-ақ малдарын бағусыз қоя беретін ауыл тұрғындарын да назарға алған.

«Еркін жайылымда жүрген малдар ұрыға оңай олжа. Енді заң бойынша мал иелері түлікті өз күшімен бағуы қажет немесе бақташылармен шарт жасауы керек. Бұл аса маңызды, өйткені қаңғырған малдар жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғаларына себеп болып жатады», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Жұмалиев.

Биыл облыста 5 мал ұрлығы тіркеліп, оның барлығы ашылды.

«Ауылдық округтерде аумақтық бөліністер тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Тәртіп сақшылары шаруа-фермерлік қожалықтардың иелеріне мал басын сақтау, жануарларға таңба мен бирка салу, қораларда күзетті күшейту қажеттігін де үнемі ескертеді. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша мал ұрлығы 54 %-ға төмендеген», - дейді Марат Жұмалиев.

Қазір облыс аудандарында 231 арнайы қаша бар, оған иесі анықталғанға дейін қараусыз жүрген жануарларды қамайды. Үш айда бұл орындарға бағусыз жүрген 394 мал орналастырылған. Олардың иелері - 133 тұрғын сиыр-жылқысын бос жібергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, СҚО аумағында 107 мал соятын және ет өңдейтін пункт бар. Ұрланған малдың етін өткізуге жол бермеу үшін полицейлер мүдделі ведомстволардың өкілдерімен бірлесіп ет өнімдерін қайта өңдеу және сату орындарына жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Патрульдік полицейлер тұрақты түрде мал мен ет өнімін тасымалдайтын көлікті тексереді. Нәтижесінде биыл ветеринария саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 37 әкімшілік хаттама толтырылды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385934
Пікірлер

Көрші сілтемелер