Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің ширек финалына шықты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:36 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tennis-putinceva-charl-ston-turnirinin-shirek-finalyna-shykty_a3774092


Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогы: Алғашқы екі кезеңнің жеребесі тартылды Түркістан облысында волейболдан әйелдер командасы құрылады Теннис: Аргентинамен ойнайтын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 13-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті.

Бірінші партияда испаниялық теннисші бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте қазақстандық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Г.Мугуруса таразы басын теңестірді – 2:2. Бұдан кейін испаниялық теннисші доп берген гейм тартысты өрбіді. Есеп 40:40 болған мезетте өзін жайсыз сезінген Г.Мугуруса жарысты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке 1 сағатқа созылды.

Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 91-орында тұрған черногориялық Данка Ковиничтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасымен кездесетін аргентиналық ойыншылар белгілі болғанын жазған едік.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385930
Пікірлер

Көрші сілтемелер