Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Вакцинация алғаннан кейін иммунитет қаншалықты тез қалыптасады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/vaktsinatsiya-algannan-keyin-immunitet-kanshalykty-tez-kalyptasady


Вакцина алған адамның бойында иммундық жауап пен антиденелер 2-3 аптада қалыптаса бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Ковзель айтты. 

«Иммундық жауаптың өзі, қорғаныс иммундық антиденелері 2-3 аптада қалыптаса бастайды. «М»-иммуноглобулиннің алғашқы қорғаныш антиденелері вакцинациядан кейін 7-8 күнде өне бастайды. Ал біз алғымыз келетін иммунитет екі-үш аптадан кейін қалыптасады. Вакцинаның екінші дозасы осы себепті үшінші аптада енгізіледі», - деді ғалым онлайн дәріс барысында. 

Елена Ковзель вакцинация қалыптастырған иммунитеттің қанша уақыт сақталатынын да айтты. 

«Бұл вакцина тұмауға қарсы вакцина сияқты жұмыс істейді. Өздеріңіз білетіндей, біз жыл сайын тұмауға қарсы вакцина аламыз. Күтілетін ең жоғары иммундық жауап, әрине, екі жыл. Иммундық реакцияның өзі жасушалық және гуморальды болып бөлінеді. Жасушалық жад өмір бойына қалады. Бірақ бұл вирустан толық қорғану үшін жеткіліксіз және гуморальды иммундық жауап сияқты тез жұмыс істемейді. Егер біз қалыпты иммундық реакцияны қарастыратын болсақ, екі жылға созылады», - деді маман.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385928
Пікірлер

Көрші сілтемелер