Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да қаңғыбас иттер қарияны талап тастай жаздады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:24 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shko-da-kangybas-itter-kariyany-talap-tastay-zhazdady_a3774087


ШҚО-да қаңғыбас иттер қарияны талап тастай жаздады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында полиция қызметкерлері қарияны қаңғыбас иттерден құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды Елорда полициясы биік үйдің шатырынан секірмек болған жігітті құтқарып қалды Эквадорда ұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар ауылының егде жастағы тұрғыны 8 сәуір күні сағат 14.30-да үйінен дүкенге шыққан. Жол жөнекей қария артқы жағынан иттердің үрген дауысын естіді. Бірақ оған еш мән бермеген.

«Кенет тұтқиылдан қаңғыбас иттердің бірі зейнеткерге айбат шегіп, үріп, үстіне секірген. Ол итті итеріп, тас лақтырған. Алайда бұдан сескене қоймаған иттер қарт кісіге қайтадан тап бермек болды. Дәл сол уақытта Үржар ауылында күндізгі патрульдеуде жүрген тәртіп сақшылары осыны көріп қалған. Полиция қызметкерлері қызметтік көліктерінен сигнал беріп, иттерді қуып жіберді. Абырой болғанда, зейнеткердің денсаулығына еш зиян келмеді», - делінген хабарламада.

Аудан тұрғыны дер кезінде көмекке келген полиция қызметкерлеріне көзіне жас алып, шынайы ризашылығын білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385925
Пікірлер

Көрші сілтемелер