Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанайдағы кәріз суына сіріңке тигізсе от болып жанады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/466357-ostanaj-oblysynda-k-riz-suyna-siri-ke-tigizse-ot-bolyp-zhanady



Қостанайдағы кәріз суына сіріңке тигізсе от болып жанады


Қостанайдағы кәріз құдығынан мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық табылды.

Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарап жатыр. Көшедегі құдықтан сынама алып жатқан экологтардың бейнежазбасында жерге төгілген кәріз суына от тигізгенде, оның тұтанғанын көруге болады. Сонымен қатар Тобыл өзенінен де сынама алынды. Сараптама қорытындысы ертең жарияланады. Экологтар содан кейін ғана кәріз суына қандай сұйық қосылып, қаншалықты ластанғанын айта аламыз деп отыр.

Зияда Бисақалова, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

- Бұдан бөлек біз мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін де анықтап жатырмыз. Сынама алынған құдыққа жақын жерде мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорын бар. Біздің мамандар олардың өнім сақтайтын орындарын, құбырлары мен ұңғыламаларын тексеретін болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385909
Пікірлер

Көрші сілтемелер