Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әлем экономикасы қалыпқа келуге талпыныс жасап жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:40 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466372-lem-ekonomikasy-alyp-a-keluge-talpynys-zhasap-zhatyr



Әлем экономикасы қалыпқа келуге талпыныс жасап жатыр


Әлем кейінгі бір жылда шатқаяқтап қалған экономиканы қайта қалпына келтіруге барын салып жатыр. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, биыл жаһан экономикасы 6 процентке өседі.

2021 жылы әлемдік экономика қай деңгейде дамиды? Халықаралық валюта қоры жақында осыған қатысты болжам жасады. Қордың пайымынша, биыл жаһандық жалпы ішкі өнім 6 процентке артады. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері болмаған мұндай көрсеткіш бірінші кезекте Америка экономикасының арқасында болады, дейді қор өкілдері. Өйткені жаңа болжамға сәйкес, биыл АҚШ экономикасы 6,4 процентке өседі.

Гита Гопинат, ХВҚ Бас экономисі:

- Біз әлем елдерінде экономиканың қалыпқа келуі әртүрлі жылдамдықпен жүріп жатқанын байқап отырмыз. Әр ел пандемияның әр кезеңінде. Ковидке дейінгі жалпы ішкі өнімге жету бойынша да әр ел әртүрлі деңгейде.

Халықаралық валюта қоры сондай-ақ пандемия кезінде пайда тапқан компанияларға салық салуды ұсынды. Ұйым өкілдерінің пікірінше, «қолдау салығы» қоғамдағы теңсіздікпен күресіп, дағдарыстан зардап шеккендерге көмектеседі. Сондай-ақ мамандар уақытша шара мемлекеттердің бюджетін толтыруға септігін тигізетінін де айтып жатыр. 

Мұндай салық дағдарыс кезінде өркендеген бизнестің экономикаға қосқан үлесін айшықтайды. Дей тұрғанмен, салықтың бұл түрі індет кезінде аз табыс тапқан немесе шығынға батқан компанияларға салынбайды. 

Ал АҚШ-тың қаржы министрлігі корпоративтік салық салуды реформалаудың түзетілген жоспарын жария етті. Жоспарға сәйкес, табысы 2 миллиард доллардан асатын ірі корпорациялар қосымша салық төлеуге міндеттеледі. Ол компания табысынан 15 процент мөлшерінде алынады. Түрлі есептеулер бойынша елде мұндай ірі табыс табатын компания саны 40-тан асады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385904
Пікірлер

Көрші сілтемелер