Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауыз бекіткен адам вакцина салдыруына болады – ҚМДБ - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/466363-auyz-bekitken-adam-vaktsina-saldyruyna-bolady



Ауыз бекіткен адам вакцина салдыруына болады – ҚМДБ


Елімізде салынып жатқан вакциналар адал етіп өндірілген. Сондықтан Ораза кезінде ауыз бекітушілердің екпе ала беруіне болады. Бірақ 60-тан асқан адамдар Ораза ұстаудан бұрын медициналық тексеруден өтуі керек.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

Бас мүфтидің айтуынша, қызыл аймақтағы мешіттерде бес уақыт намаз тек жекелеген түрде оқылады. 2 метр арақашықтық сақталуы қажет. Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар мен балалар намаздарын үйлерінде оқиды. Тарауық намазы оқылмайды. Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ. Алла Тағала Құдси-хадисте: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – бұл Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы» деген.  

Айта кеткен жөн, Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр Ораза айттың бірінші күні. Биылғы пітір садақа жан басына 420 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен өлшенеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385891
Пікірлер

Көрші сілтемелер