Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантин: ШҚО-да жыл басынан бері 7 мыңға жуық рейд жүргізілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:09 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karantin-shko-da-zhyl-basynan-beri-7-mynga-zhuyk-reyd-zhurgizildi_a3774043


Карантин: ШҚО-да жыл басынан бері 7 мыңға жуық рейд жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері карантин талаптарының сақталуын тексеру үшін 7 мыңға жуық рейд жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 460 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма

Осы жылдың 8 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан тұрақты түрде «жасыл» аймақта. Алайда соған қарамастан ҚР және облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен бекітілген шектеу шараларын бұзуға қатаң тыйым салынған. Аймақ бойынша карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында 190 мониторингілік топ жұмыс істеуде.

«2021 жылғы 1 қаңтар мен 7 сәуір аралығында 6832 рейд жүргізіліп, 14703 нысан қамтылды. 2734 нысаннан санитарлық талаптың сақталмауы анықталған. Бұл жалпы тексерілген объектілердің 18,5%-ын құрап отыр», - делінген ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Тіркелген бұзушылықтар бойынша 1438 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 79 млн теңгеден астам 1382 айыппұл салынған. Оның ішінде лауазымды тұлға – 2, заңды тұлға – 1, жеке кәсіпкер – 38, жеке тұлғалар – 1319.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385890
Пікірлер

Көрші сілтемелер