Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/atyrauda-modul-di-auruhanaga-koronavirus-zhuktyrgan-naukastarga-toldy_a3774060


Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 200 пациентке арналған модульді инфекциялық аурухана вирус жұқтырған науқастарға толығымен толды. Бүгін №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационары коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдауды қайта жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 460 мың адамға вакцина егу жоспарланып отыр Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма Науқаспен байланыста болған адамға қашан вакцина алуға болады

«8 сәуірде таңертең 200 орынға есептелген модульді инфекциялық ауруханада 190 науқас жатты. Түске қарай толығымен пациентке толы болды. Бүгінгі күнде онда 17 адам реанимация бөлімшесінде жатыр, олардың алтауы ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратына қосылған. Олардың жағдайы өте ауыр. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр»,- деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

№2 облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 пациент жатқызылған. Аурухана 180 орынға есептелген, оның 120-сы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға дайындалған.

«Қалған 60 орын түрлі жұқпалы аурулар жұқтырған науқастарға арналған. Жақын арада аурухана толығымен коронавирусқа шалдыққандарға инфекциялық стационар режимінде жұмыс істеуі үшін біз осы пациенттерді басқа медицицналық мекемелерге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді Мағжан Сейітжанов.

Автор: Виктор Сутягин


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385885
Пікірлер

Көрші сілтемелер