Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Рамазанда қайырымдылық шаралары жоспарлы түрде атқарылады (ФОТО) | muslim.kz



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 20:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/ramazanda-qayiyrymdylyq-sharalary-zhosparly-turde-atqarylady-foto





Бұл туралы елордада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бас мүфти жұртшылықты пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге шақырды.

«Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандарға айтарым: ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізуге болатынын қаперлеріңізге саламын. Діни басқарма Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып, қайырымдылық іс-шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырады. Баршаңызды игі іске үлес қосуға шақырамын» деді Бас мүфти.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1385876
Пікірлер

Көрші сілтемелер