Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда докторантураға қабылдау электрондық форматта болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-doktoranturaga-kabyldau-elektrondyk-formatta-bolady_a3774063


Қазақстанда докторантураға қабылдау электрондық форматта болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қазақстанда ІТ-мамандарын дайындау саласында қандай жетістіктерге қол жеткізілді Балқаш жастары балаларға ағылшын тілін тегін үйретеді

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті», - делінген министрлік мәліметінде.

Сонымен қатар, пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.

«Мұнымен қоса, енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді», - деп аталып өткен хабарламада.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385865
Пікірлер

Көрші сілтемелер