Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аймағамбетов вакцинаға қатысты көзқарасын айтты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:20 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/aymagambetov-vaktsinaga-katysty-kozkarasyn-aytty


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Сонымен қатар ол өз отбасы мүшелері де міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтты. 

«Қазіргі уақытта олар еліміздің өзге де азаматтары сияқты өзінің кезегін күтіп жүр. Шақырту келгенде кезекпен екпені салдырады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385859
Пікірлер

Көрші сілтемелер