Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жандарбек ақынның алғашқы туындысы Қызылордаға жетті - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жа



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 19:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126694/%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d0%bd/


Қызылордада айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақтың «Sөz менеджменті» кітабының таныстыру рәсімі өтті.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының қолдауымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тағылымыды іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, мәдениет, өнер саласының өкілдері, ардагерлер, ҮЕҰ-дар өкілдері, ұстаздар, жастар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ақынның өнердегі достары қатысты.

Жандарбек

«Sөz менеджменті» – айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақтың алғашқы кітабы. 208 беттен тұратын кітап ораторлық өнерге арналған. Мәселен, кітаптың сөйлеу барысы бөлімінде автор сахнаға тыңдаушыдан бұрын келіп алуға кеңес береді. Сонда ғана оратор өзін қожайын есебінде сезінеді дейді. Содай-ақ кітапта халықтың назарын ұстап тұру құпиясы айтылған. Келесі тарауда Жандарбек Бұлғақ дауыс пен дикцияға ерекше көңіл бөлген. Тіпті бір мәтінді оқып, видеоға түсіруге тапсырма береді. Сосын сол видеоны 5 рет дауыссыз, кейін құлаққаппен, содан соң жылдамдатып қарап шығыңыз дейді. Мұның барлығы сөйлегенде қандай қате жіберетінін байқауға көмектеседі. Онымен қоймай қандай ым-ишаратты шамадан тыс пайдаланатынын да байқатады.

Сиясы кеппеген жаңа туындыны осылай деп таныстырып, Сыр еліндегі оқырмандармен кездескен айтыскер ақын «Сөз менеджменті» еңбегі оқырман арқылы күнделікті кәдеге жарап жатса, ол шығармашылық адамға үлкен олжа екендігін жеткізді.

«Жасыратыны жоқ қазіргі қазақ қоғамы сөйлеу мәдениетіне айырылып бара жатыр. Бір ауыз сөзбен қанды қырғынды тоқтатып, бітіспес даудың түйінін тарқататын халықтың бүгінгі ұрпағы астарлы сөздің мән-мазмұнын түсінбейді. Басқаны былай қойғанда ел алдында жүрген кейбір азаматтардың өзі екі ауыз сөздің басын құрай алмай күлкі болып жатады. Өкініштісі сол есім-сойы елге мәлім кісілердің дені шешендік өнерге баулитын шетелдік мамандардың дәрісіне қатысса да жұрт алдына келгенде тағы да пұшайман халге түсетінін көз көріп, құлақ естіп жүр. Өйткені ең мықты деген шетелдік маманның көпшілік алдында сөйлеуде сізге ұсынатын әдіс-тәсілін қазақтілді аудитория қабылдай алмайды. Мұнда ұлттық ерекшелік деген ескеріле бермейді. Тіпті бір Қазақстанда тұрып, сонау шығыстың қазағы мен батыстың қазағының сөйлеген сөзінде айырмашылық байқалып тұрады. «Sөz менеджменті» осындай сұраныстан туған туынды. Мұнда шамамыз келгенше айтар ойды аудиториядағы әрбір тыңдаушының құлағына жеткізе білудің әдіс-тәсілдерін оқырман назарына ұсындық. Сондай-ақ адамның сөйлеуге дейінгі, сөз сөйлеу кезіндегі және одан кейінгі өзін-өзі ұстауы жайында келелі кеңестер беруге тырыстық», – деді Жандарбек Айтақынұлы.

Жандарбек

Кітап мазмұны 3 бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралда халықпен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасайтын адамға оның киім киісі, жүріс тұрысынан бастап, сөйлеу шеберлігі, аудиториямен жұмыс жасауға дейінгі барлық жаттығулар қамтылған. 20 мың данамен жарыққа шыққан туынды халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып жазылған.

Таныстырылым кезінде «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов пен белгілі жырау, ақын Серік Ыдырысов сөз сөйлеп, кітап авторына шығармашылық табыс тіледі.

Шара соңында Жандарбек Бұлғақ «Sөz менеджменті» кітабын оқырмандарына өз қолтаңбасымен тапсырды.

Айта кетейік, алдағы уақытта Nur Otan партияcының қолдауымен шешендік қабілетті шыңдауға бағытталған туындының негізінде жергілікті мәслихат депутаттары мен жастарды оқыту көзделуде.

Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙ,
Қызылорда облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385841
Пікірлер

Көрші сілтемелер