Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Астанада дезинсекциялық және дератизациялық шараларға дайындық басталды - Қазақстан және әлемдегі со



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466335-astanada-dezinsektsiyaly-zh-ne-deratizatsiyaly-sharalar-a-dajyndy-bastaldy



Астанада дезинсекциялық және дератизациялық шараларға дайындық басталды


Елордада Есіл өзенінің және оның салаларының жағалау аумағында қамыс шабу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың басынан бері қамыс шабу күн сайын Есіл өзенінің және оның салаларының (Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері) жекелеген учаскелерінде жүргізіледі.

Осы кезеңде мына санитарлық учаскелерде ауданы 22 016 м2 болатын жерлерде қамыс және басқа да өсімдіктерді шабу жүргізілді:

– Ақбұлақ өзенінің ТЭЦ-2 аумағында, яғни теміржол және Әл-Фараби даңғылында;

– Сарыбұлақ өзенінің Конституция көшесіндегі көпірден Мұзтау және Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы тазарту ғимаратына дейін.

Бұл жұмыстың қажеттілігі су беті мен акваторияны артық өсімдіктерден тазартумен ғана байланысты емес, сонымен қатар алдағы дезинсекциялық және дератизациялық шаралар алдындағы дайындық жұмысы болып саналады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385833
Пікірлер

Көрші сілтемелер