Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Лопнұр шаруалары кірісінің %60ы мақтадан келеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Іле аймағы ақараттары

Жолданған уақыты: 19:20 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://kazakh.ylxw.com.cn/2021-04/08/content_62571.htm


лопнұр шаруалары кірісінің %60ы мақтадан келеді

   

анар бұлт / шинжяң гәзетінің тілшілері жаң жыли, ду жянхұй, ерікті тілші чаң шуехүй

 

    әр күні тәңертең керім әбдүреиім қорасының қасында бұғылардың мүйізі қаншалық өскенін, сиыр, қойларының қаншалық ет алғандығын бақылап тұрады. арт жағында пикә машина, үлкен ат күшіндік трәктөр, мақта тұқымын дәлме - дәл шәшу машинасы тоқтап тұр.

    ”12 бұғы, 12 сиыр, 80 қой“. 4 - айдың 6 - күні қорасындағы бұғылар мен сиыр, қойларын санаған керімнің аңсары тұқым себуді күтіп тұрған мақта атызына қарай ауып, темперәтурәнің тез арада жоғарылап, мақта тұқымын ертерек сіңіруді ойлады. көз алдындағы бақуатты мал - мүлкі жылдар бойы мақта егуден жиналған - ды.

    керім тұрмыс кешіріп жатқан лопнұр ауданы ақсопы ауылы жидебәқ қыстағында тұрғындардың мақта еккеніне 20 неше жылдан асты. олар бұрын көптеген дақылды сынап егіп көріп, жергілікті орындағы топырақ пен климәт шарт - жағдайының мақта егуге ең үйлесетіндігін байқады. оның үстіне, мақта кірісін арттыру қиын - қыстау кезеңге өткен кезде, қашанда кеибір өзгерістер оларды қиын - қыстау жағдайдан өтіп, анағұрлым мол кіріс табуға жетелеиді.

    ”осы жылдары қыстағымызда шағын әвтөкөлік сатып алған, ғимараттан үй сатып алған шаруалар барған сайын көбеиді, бұл мақта кәсіп саласы ұшқан құстай дамыған соң, біздің ақша табу қарқынымыздың күрт тездеп, ақша табу жолымыздың көбеигендігі“, - деді керімнің көршісі няз сайым. няздың кірісті үздіксіз арттыруында тағы бір амалы бар екен: үйдегі мақта атызын кәсіпөрінғә айналымға беріп, онан соң кәсіпөріндә жұмыс істеп ақша табу.

    2020 - жылдың соңында бұл 2 көрші сол жылғы кірісті арттыру есебін жасап көрген болатын. керім көтермеге алған 160 му жерден 72 тонна мақта алып, таза кірісі мөлшермен 300 мың юан болған؛ соның алдында мақта сатудан түскен әқшәмен бағымшылықты дамытып, одан тапқан таза кірісі 100 мың юан болған. няздың үйінің 20 му жері айналымға салынғаннан кеиін, жалға беру ақысы үшін 14 мың юан алса, әйелі екеуі кәсіпөріндә мақта атызын баптап тағы 60 мың юан кіріс тапқан.

    тәкләмәкән шөлінің сөлтүстік жиегіне, тарым өзенінің орта - төмен ағарына орналасқан лопнұр ауданы мемлекет бойынша сапалы тауар мақта базасы, жылдық мақта егу аумағы бір миллион мудан асады. лопнұр аудандық ауыл шаруашылығы, ауыл - қыстақ мекемесі пәрткөмінің шужиы, мекеменің орынбасар бастығы жаң шяудұң тілшіге былай деді: егімшілік, теріп - жинап алу үлгісінде бұрылыс болуына ілесе, мақтаның лопнұр ауданындағы шаруаларға әкелген пайдасы жылдан - жылға молайды. 2020 - жылы мақтадан тапқан кірістің бүкіл аудандағы шаруалардың жан басындық таза кірісінен ұстаған салыстырмасы %60ке жетті.



жауапты редәктөр: гүлден мақсат қызы
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=62&id=1385821
Пікірлер

Көрші сілтемелер