Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/deni-sau-adam-fidiya-sadakasymen-orazadan-kutyla-almaydy-bas-mufti_a3774012


Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дені сау адам фидия садақасын беріп, оразанның парызынан құтыла алмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма Рамазан айында қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар жарияланды Рамазан айында жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қандай талап қойылады

«Жалпы, дінде фидия садақа деген бар. Бұл ретте мынаған жақсылап назар аударуларыңызды сұраймын. Кейде түсінбей, ораза ұстамаған адам қаражат берсе бола ма деп жатады. Олай емес, негізі ораза - денсаулығы дұрыс, балиғат жасқа толған әрбір адамға міндеттелген құлшылық. Кім балиғат жасына толса, денсаулығы жараса, өзі оразасын ұстауы керек. Фидия садақасы бір жағдайда ғана беріледі. Яғни, ораза ұстауға денсаулығыңыз жарамай қалса немесе жасыңыз ұлғайып, әлсіреген кезде болсаңыз, фидия садақасын бересіз. Онда да жағдайыңыз келсе ғана. Демек дені сау адам фидия садақасын беріп, оразада құтылдым деуіне болмайды», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385810
Пікірлер

Көрші сілтемелер