Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс объектілерінің жұмысы тоқтатылады - Қазақстан және әл



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:20 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466327-elordada-abattandyru-erezhelerin-b-z-an-rylys-ob-ektilerini-zh-mysy-to-tatylady



Елордада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс объектілерінің жұмысы тоқтатылады


Мобильді топтардың құрамына Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, жергілікті полиция қызметі департаментінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері кіреді. Биыл наурыз айынан бастап 130 нысан тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 72 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, дөңгелек жуу пунктерінің жұмысы қамтамасыз етілмеген, сол сияқты құрылыс аумағының ішінде өту жолдарының қатты жабыны төселмеген және қоршауы тиісті жағдайда орнатылмаған. Ал 26 құрылыс алаңында дөңгелек жуу пункті жоқ.

Мобильді топтар 72 ұйымға құрылыс алаңын тиісті жағдайға келтіру туралы хабарлама берді.

Қала аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзғаны үшін 13 құрылыс салушыға қатысты әкімшілік істер қозғалды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы).

Аталған проблемалар жойылмаған жағдайда осы жылдың 12 сәуірінен бастап құрылыс нысандарында электр энергиясы өшіріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылатын болады.

Аталған мердігер ұйымдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жалпы сомасы 380 мың теңгеге 2 ескерту, 11 әкімшілік айыппұл салынды.

Қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың тізімі:

1. «BAZIS-A ЖШС, «Astana real estate 2017» ЖШС А.Байтұрсынов көшесіндегі «Discovery» ТК

2. «BI Global» ЖШС «А.Байтұрсынов көшесіндегі 2000 орынға арналған мектеп құрылысы»

3. «Шар Құрылыс» ЖШС «Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысындағы ТК»

4. «Sat Construction» ЖШС «Ж.Нәжімеденов және С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы ТК»

5. «NUR-ZHAS-2030» ЖШС «А80 және Ж.Нәжімеденов көшелерінің қиылысына ТК»

6. «Иртыш Групп» ЖШС «Ж. Нәжімеденов және С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы»

7. «Zeta Construction» ЖШС «ОТАН-2» ТК А. Байтұрсынов көшесінің бойында

8. «URBAN» ЖШС 2020 «Қордай көшесіндегі ТК»

9. «Mainstreet» ЖШС Майлин көшесі, 6

10. «Sigma Byild» ЖШС Ж.Нәжімеденов көшесінде

11. «Грандстрой» ЖШС «Мұхамедханов көшесіндегі ТК»

12. «Мегастрой ЛТД» ЖШС «Тұран даңғылындағы мұнара»

13. «СК БАЗАР» ЖШС «Тұран даңғылындағы Nova Сity».

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385770
Пікірлер

Көрші сілтемелер