Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асхат Аймағамбетов отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ashat-aymagambetov-otandyk-vakcinanyn-kuzhattary-kashan-tapsyrylatynyn-aytty_a3773928


Асхат Аймағамбетов отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын екі есе ұлғайту ұсынылды Торғайды мекендеген сақтардың тағамы қандай болған – археологпен сұхбат Тәуелсіздікке 30 жыл: Сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтуде

«Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты тарапыннан қамтылған вакцинаға тоқталсақ, барлық рәсімдер бекітілген кестеге сәйкес жүрігізіліп отыр. Бұл ретте ешқандай проблема жоқ. Біздің әріптестер 50 мың доза бойынша қажетті жұмыстар жүргізді. Хаттама бойынша үнемі химиялық талдау мен биологиялық қадағалау жүргізіледі. Қазір биологиялық қадағалауды аяқтап жатыр. Кестеге сәйкес, биылғы сәуір айының соңына қарай, 20-сынан кейін құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз. Олар нәтижелерге талдау жасай отырып, тиісті шешім қабылдайтын болады. Сондықтан сәл сабырлық танытып, біздің ғалымдарға қолдау жасайық», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда А. Аймағамбетов қазіргі уақытта ғалымдар тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ғалымдарымыз бес платформа бойынша вакцина дайындап жатыр.

«Сонымен қатар, біздің ғалымдар коронавирустың «британдық», «оңтүстікафрикалық» штамдары бойынша зерттеу жүрігізіп жатыр», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385751
Пікірлер

Көрші сілтемелер