Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда - Қазақст



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/466312-elordada-m-gedekterdi-zh-mys-a-ornalastyru-bojynsha-zh-mys-berushilerden-tinimder-abyldanuda



Елордада мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары. Ал арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялар беріледі.

Өтінімді Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы («Өркен» БО) бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385738
Пікірлер

Көрші сілтемелер