Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін ширек финал ойындары басталады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/futboldan-europa-ligasy-bugin-shirek-final-oyyndary-bastalady_a3773910


Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 сәуірде футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін ширек финалдың екі ойыны болады Футболдан Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Ливерпульды» жеңді Футбол қақпасының құлауы: Қылмыстық іс қозғалды

Ширек финал ойындарында барлық сегіз команда төрт жұпта өзара шеберлік байқасады. Жарыстың аталған сатысында Англияның «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», Испанияның «Вильярреал», «Гранада», Италияның «Рома», Нидерландының «Аякс», Хорватияның «Динамо Загреб», Чехияның «Славия Прага» сынға түседі.

Бүгінгі ойындарда «Аякс» пен «Рома», «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед», «Динамо Загреб» пен «Вильярреал», «Арсенал» мен «Славия Прага» командалары шеберлік байқасады.

Аталған ойындарда «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуі «Qazaqstan», «Аякс» пен «Рома» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында алғашқы ойындар өткізілді.

2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385735
Пікірлер

Көрші сілтемелер