Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


"Теңіз" кен орнынан зиянды қалдықтар тарады (Видео)



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:40 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/teniz-ken-ornynan-ziyan-kaldyktar-tarady-video


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Теңізде" құбырдан улы сары түтін шыққаны түсірілген суреттер мен видео тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Қазіргі уақытта Экология департаменті 7 сәуірде сағат 15.20-да КТЛ-2-де С511 қондырғысын автоматты бұғаттау іске қосылғанын хабарлады. Салдарынан құбырдан зиянды қалдық шыққан. Қазір автоматты бұғаттаудың қосылу себебі анықталып жатыр.

Департамент "Теңізшевройл" ЖШС-ны жоспардан тыс тексеру мәселесін қарастырып жатыр. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Кейін "Теңізшевройл" "7 сәуірде өндірістік нысандардың бірінен қысқа мерзімді зиянды қалдық тарағанын және ол өндірістің ішінара қысқаруына әкеліп соққанын" растады. "Теңізшевройл" баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Портал барлық қызметкер қауіпсіздіктің стандартты шаралары шеңберінде эвакуацияланғанын мәлім етті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385730
Пікірлер

Көрші сілтемелер