Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ONE on TNT 1: Бұрынғы UFC чемпионы Деметриус Джонсон нокаутпен жеңілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 17:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://prosports.kz/kz/news/494070-one-on-tnt-1-buryngy-ufc-chempiony-nokautpen-zhenildi



Live

Спорттағы коронавирус

ММА

ONE on TNT 1: Бұрынғы UFC чемпионы нокаутпен жеңілдіONE on TNT 1: Бұрынғы UFC чемпионы нокаутпен жеңілді

Ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) бұрынғы UFC чемпионы, ONE Гран-при иегері Деметриус Джонсон ONE on TNT 1 турнирінде ONE чемпионы Адриано Мораеспен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы Джонсон (30-4-1) Мораеске (19-3) қарсы кездесудің айқын фавориті саналған. Бірақ бес раундтқа жоспарланған титулды жекпе-жек екінші раундында Мораес Джонсонды нокаутқа жіберді. Осылайша, бразилиялық файтер мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын үшінші мәрте сәтті қорғады.

Ал Деметриус Джонсон 14 жылдық кәсіпқой мансабында алғаш рет нокаутпен жеңілді. Бұл оның мансабындағы үшінші жеңілісі, оның үстіне ол 2018 жылдан бері алғаш рет жеңіліп отыр. Деметриус Джонсон ONE промоушенінде 2019 жылы наурыз айында дебют жасаған.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық файтер, бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов Мораесті кездесуге шақырып, бразилиялықпен трилогия өткізгісі келетінін айтты. 2015 жылдың қарашасында Ахметов төрешілер шешімімен Мораесті жеңіп, чемпион атағына қол жеткізді. 2017 жылы тамызда бразилиялық Қайратты жеңді. Содан бері Қайрат Ахметов 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіп, 1 мәрте жеңілді. Отандасымыз соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шықты. Ол кезде Да Хван Кимді төрешілер шешімімен жеңді.

Турнирден кейін ONE-дің баспасөз қызметі жанкүйерлерді флай салмағында чемпиондық атаққа келесі үміткерді анықтауға шақырғанын қосамыз. Бұл тізімге сингапурлық промоутерлік рейтингте үшінші орында тұрған Қайрат Ахметов те енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter

0

Қуаныш Қаппас

Пікірлер

0

Ставкалар

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Әлем футболы

Бүгін қола жүлдегер ғана емес, турнирдің үздік сұрмергені де анықталуы мүмкін

Төлеш Есет

Хорватия – Англия: кімнің бағы жанады

Әлем футболы

Жартылай финалдың екінші матчына болжам

Төлеш Есет

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Әлем футболы

Екі алыптың айқасы!

Қуаныш Қаппас

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Әлем футболы

Швеция – Англия матчына болжам

Төлеш Есет

Харри Кейн бастаған англиялықтар жеңіске жете ала ма

Әлем футболы

Бүгін Швеция мен Англия құрамалары кездеседі.

Қуаныш Қаппас

Тағы жүктеу

Блогтар

блог құру

Барлық блогтар

Тағы жүктеу



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1385716
Пікірлер

Көрші сілтемелер