Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған жігітті аман алып қалды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Рес



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 16:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126624/%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%86%d0%b5%d0%b9%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d2%af%d0%b9%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d1%88%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b5%d0%ba%d1%96%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%ba/


«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына елорда тұрғынынан Отырар көшесіндегі 13 қабатты үйдің шатырында бір адамның отырғаны және секірмекке әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің полиция капитаны Еркебұлан Жанкебаев пен аға лейтенант Кенжебек Нұрғайсенов жіберілді» делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнына 5 минутта жетті. Полицейлерді байқаған жігіт жақындаса секіріп кететіндігін айтып, қоқан-лоққы жасаған. Жігіттің көңілін аулап, уақыт ұту үшін Кенжебек Нұрғайсенов оны әңгімеге тартқан.

Әңгімелесу барысында мас күйдегі 28 жастағы жігіттің бірге тұратын келіншекпен ренжісіп қалғаны анықталған. Полицейлер жігітті райынан қайтарып, төменге аман-есен түсірді.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385680
Пікірлер

Көрші сілтемелер