Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз - Сархат Бейсенова



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 16:20 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/elordada-epidemiologiyalyk-zhagday-turaksyz-sarkhat-beysenova


Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 1 ай қызыл аймақта тұрмыз. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғаннан бері 34 007 жағдай тіркелді. Оның ішінде 21 957 симптомды және 12 050 симптомсыз», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25 пайызға төмендеу болса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады. Наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2 338 жағдайға көбірек тіркелді. 

«17 наурыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1 пайыздан асып, 20-25 наурыз аралығында 0,64 пайызға дейін төмендеді. Соңғы 12 күннің ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2 пайызға сақталып отыр. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симпомы бар 404 жағдай, симптомсыз 174 жағдай. Соңғы аптадағы сырқаттануылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23 пайызға жоғары. Жүз мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6-ны құрады. Репродуктивтілік саны 1-ден жоғары», - деді Сархат Бейсенова.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385654
Пікірлер

Көрші сілтемелер