Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сенатор жабайы жануарларды қорғауға қатысты ұсыныстар айтты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/senator-zhabayy-zhanuarlardy-korgauga-katysty-usynystar-aytty1


Автомагистральдар құрылысы кезінде жануарлар үшін арнайы табиғи жағдайға жақын көпір немесе жерасты өткелдерін салуымыз керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде депутат Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаралып жатқан заң жобасына сәйкес басым туристік аумақтар ұлттық парктердің шегінде болуы мүмкін. Кезінде Елбасының тапсырмасымен құрылған ерекше қорғалатын аумақтардың басты міндеті - болашақ ұрпағымызға мұра ретінде табиғаттың болмысы мен биоалуантүрлілігін сақтау. Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген жабайы жануарлардың 40 түрі, құстардың 57 түрі мекендейді. Климаттың өзгеруі, қауіпті аурулар, антропогендік әсерлер олардың популяциясына кесірін тигізуде. Мәселен, 70-жылдары бізде шамамен 1 млн 300 мың киік басы болса, ал қазір олардың бар болғаны 334 мыңы ғана қалған. Оның үстіне киіктердің әлемдік популяциясының 90 пайызы қазақ жерінде мекендейтінін ескеруіміз қажет. Яғни, Қазақстанда бұл киіктің саны азайса, бүкіл әлемде азаяды дегенді білдіреді», - деді сенатор. 

Оның айтуынша, қазір бізде 4255 құлан, 14650 қарақұйрық, 18460 арқар және 914 тоғай кербұғысы қалып отыр. Жабайы жануарлардың көптеген түрі (киіктер, құландар, қарақұйрықтар және т.б.) қоныс аударатын жануарлар түрлеріне жатады. Сондықтан да туристік қызметтің, атап айтсақ, шамадан тыс шу мен қозғалыстың, құрылыс нәтижесінде табиғи ландшафттардың өзгеруі және басқада жасанды факторлар жануарлар әлемінің тыныштығын бұзып, стресс тудырмауы аса маңызды.

«Мысалы, жабайы жануарлардың көшіп-қонуы кезінде жүріп өтетін жекелеген учаскелерде темір жолдарды, автомагистральдарды салу кезінде біз экодук деп аталатын арнайы табиғи жағдайға жақын көпір (эстакадалар) немесе жерасты өткелдерін салуымыз керек еді. Өкінішке қарай, ондай экодуктар еш жерде жасалмады, бұл жануарлар әлемінің экожүйесіне теріс әсерін тигізуде. Сондықтан ғалымдар мен эколог мамандардың қатысуымен ерекше қорғалатын аумақтарда туристік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша арнайы заңға тәуелді құқықтық акт әзірлеуді ұсынамын», - деді Күрішбаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385626
Пікірлер

Көрші сілтемелер