Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кәсіпкерлер тігін фабрикасын қайта жандандыруға кірісті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 15:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270988-kasipkerler-tigin-fabrikasyn-qayta-dgandandyrugha-kiristi


Цехта  тігілген жейделер, футболкалар мен балалардың жаздық киімдері қаладағы «Fiesta», «Арзан», «Шыгыс» базарында, «Дина» гипермаркетінде сатылымда тұр.  Жұмысын бастағанына бір ай да толмаған  тігін фабрикасының  ішкі рыноктағы жеңіл өнеркәсіп тауарларының арасынан өз орнын табуы оңайға түспейтінін кәсіпкерлер жасырмайды. Мәселен, Қытай, Түркия, Қырғызстанның жеңіл  өнеркәсіп өнімдерінің Ақтөбе облысындағы импорты жыл сайын 10 миллион АҚШ долларын құрайды. Ақтөбе облысының  тоқыма және тігін өнеркәсібінің ішкі рыноктағы болар-болмас үлесі ательелер түріндегі  шағын цехтармен ғана шектелген. Соңғы кездері Түркіменстанның тоқыма өндірісінің бұйымдары мен Өзбекстан тауарлары да көптеп түсіп жатыр.

в

Тоқыма, тігін бұйымдарының өндірісі  жұмыссыздықты азайтудың ең негізгі жолы болып саналады. Осы сала жанданса, тігіншілік кәсіппен тұрақты табыс табатын  қыз-келіншектердің үлесі де жоғарылайды. Соның бір мысалы, кәсіпкерлік негіздерін оқып, киім тігуде тәжірибе жинақтаған 50 тігінші мен киім пішушінің іріктеу негізінде тігін фабрикасына жұмысқа орналасқаны. Тауар айналымы артып, жұмыс көлемі көбейсе  тағы да  жүздеген адамға жұмыс тауып береміз деп уәде етіп отыр фабрика басшылығы.  Алдағы уақытта жұмысқа  дизайнер мамандығына оқып жатқан колледж студенттері қабылданады деп жоспарланған. Маталарды іріктеу, киімдерді тарату-сату желілеріне де қызметкерлер керек.

Еліміздің ішкі рыногын көп жылдардан бері жаулап алған  Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан тауарларын сатып алуға  өзімізден қаншама қаржының  кетіп жатқаны өте өкінішті. Көршілеріміз жеңіл өнеркәсіптің осы саласын әлдеқашан экономикаларының  қозғаушы күштеріне айналдырып алды. Мәселен, Қырғызстан мен Өзбекстанда барлық тұрғындардың 20%-ы осы салада еңбек етеді. Қазіргі жағдайда еліміздегі тоқыма және тігін өндірісі шағын цехтардың іріленуі  және тікелей мемлекеттік бағдарламалардың қолдауы арқылы ғана аяқтан тұра алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385609
Пікірлер

Көрші сілтемелер