Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Намазда «бисмилләны» айтудың үкімдері



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 15:15 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-gylym/namazda-bismillany-aitudyn-ukimderi-3442/


Намазда «бисмилләны» айтудың үкімдері

1. Ханафи мәзһабы бойынша Құранда келген барлық «бисмиллә» Құран аяты болып есептеледі. Өйткені, Құран парақтарында уахи ретінде жазылғанның бәрі – аят. Мұнда талас жоқ. Демек, «бисмиллә» Құран парақтарында жазылғандықтан, оны да аят деуіміз заңды. Сол себепті, ғұсылы жоқ кісі және хайызды, нифасты әйелдер «бисмилләны» Құран аяты ретінде оқымайды. Тек бір істі Алланың атымен бастау мақсатында немесе жәй дұға ретінде айтуларына рұқсат.

2. Ханафи мәзһабында «Бисмиллә» фатиха сүресінің бір бөлігі емес (Шәфиғи мәзһабында фатиханың бір аяты болып есептелінеді). Оған дәлел ретінде, Ибн Мәжәда келген бір хадисте Сахаба Әбу Һурайраның айтуы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Алла тағала былай дейді: «Мен намазды Өзіммен құлымның арасында екі бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімі мен үшін, екінші бөлімі пендемнің тілектері үшін... Пенде «Әлхамдулиллаһи раббиль алямин» дегенде Алла тағала: «Құлым маған шүкір айтты, оған да сұрағаны беріледі», - дейді...»[1].

Осы хадиске қарасақ, фатиха сүресі «бисмилләсіз», «Әлхамдулиллаһи раббиль алямин» деп басталған. Егер де фатиха сүресінің бір аяты болғанда оны да міндетті түрде тілге алар еді. Демек, «бисмиллә» фатиха аяттарының бірі емес. Ол өз алдына аят болғанымен, тек сүре араларын бөліп тұрушы рөлін ғана атқарады. Ешбір сүреге қатысы жоқ.

3. Әр рәкәғатта фатихадан бұрын іштей «бисмиллә» айтылады. «Бисмилләны» фатиханың бір аяты санаған риуаятты да назарға ала отырып, Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммад әр фатихадан бұрын бисмилләны айту уәжіп деген[2].

Осыған қарап кей ғалымдарымыз: «Дұрысы әр рәкәғат басында фатихадан бұрын бисмилләны айту керек. Егер фатиха басында ұмытылып, айтылмай қалса намаз соңында сәһу сәждесін жасау керек», – деген[3].

4. Фатихадан кейін оқылатын қосымша сүренің басында «бисмилланы» айтудың қажеті жоқ. Бұл Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Әбу Юсуф бойынша. Ал, Имам Мұхаммедтің тұжырымына қарағанда, іштей оқылатын намаздарда қосымша сүренің алдында да бисмилланы айту абзал[4]98.

5. Намазда «сәнә» дұғасы және «әғузу» мен «бисмиллә» үнемі іштей айтылуы тиіс. Өйткені, бізге Пайғамбарымыздан солай жеткен.

ُ عَنْ قَتَادَةَ عَنْ أَنَسٍ قَالَ صَلّيْتُ خَلْفَ رَسُولِ اِّ صَلّى اُّ عَلَيْهِ وَسَلّمِ وَأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ وَعُثْمَانَ رَضِيَ اُّ عَنْهُمْ فَلَمْ أَسْمَعْ أَحَدًا مِنْهُمْ يَجْهَربِسْمِ اِّ الرّحْمَنِ الرّحِيم

Сахаба Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай дейді:

«Мен Пайғамбарымыздың, Әбу Бәкірдің, Омардың және Османның артында тұрып намаз оқыдым. Олардың ешқайсысынан «бисмилләны» жария етіп оқығанын естіген жоқпын»[5].

"Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі" атты кітаптан.
"Көкжиек" баспасы, 2016 ж.


[1] Ибн Мәжә, Китәбул Әдәб, №3784-хадис.
[2] Әл-Кәсәни, Бадаиғ – 2/33-37 бет
[3] Әл-Айни, әл-Биная – 2/208 бет
[4] Әл-Марғинани, әл-Хидая – 1/121 бет. (әл-Биная – 2/208 бет)
[5] Нәсәи (Суюти шархы): 2/135 бет, №907 хадис.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1385588
Пікірлер

Көрші сілтемелер