Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Чемпиондар лигасы: «Бавария» өз алаңында жеңіліп қалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/chempiondar-ligasy-bavariya-oz-alanynda-zhenilip-kaldy1


UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында 7 сәуірде екі ойын өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы жұпта «Порту» (Португалия) мен «Челси» (Англия) командалары кездесті. Бұл ойында ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Олардың қатарынан Мэйсон Маунт 32, Бенджамин Чилуэлл 85-минутта мергендік танытты. 

Тағы бір ойында «Бавария» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында қос команда бес гол соқты. 

Алдымен «Пари Сен-Жермен» сапынан Килиан Мбаппе 3, Маркиньос 28-минуттарда мергендік танытты. Оған «Бавария» қатарынан Эрик Шупо-Мотинг 37, Томас Мюллер 60-минуттарда қос голмен жауап қайырды. Ойын нүктесін 68-минутта Килиан Мбаппе қойып, кездесудегі екі голдың авторы атанды. Осылайша неміс клубы өз алаңында қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді. 

Енді қарымта ойындар 13 сәуірде өткізіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын ширек финалда тағы екі ойын өткізілді. Испанияның «Реал Мадрид» клубы «Ливерпульді» 3:1, Англияның «Манчестер Сити» клубы Германияның «Боруссия Дортмунд» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385582
Пікірлер

Көрші сілтемелер