Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорда полициясы биік үйдің шатырынан секірмек болған жігітті құтқарып қалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elorda-policiyasy-biik-uydin-shatyrynan-sekirmek-bolgan-zhigitti-kutkaryp-kaldy_a3773843


Елорда полициясы биік үйдің шатырынан секірмек болған жігітті құтқарып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері 13 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған жігітті райынан қайтарып, құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл басынан карантин талаптарын бұзудың 635 фактісі анықталды Эквадорда ұшақ апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты Петропавлда үйдің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

«Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына елорда тұрғынынан Отырар көшесіндегі 13 қабатты үйдің шатырында бір адамның отырғаны және секірмекке әрекеттеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Патрульдік полиция полкінің полиция капитаны Еркебұлан Жанкебаев пен аға лейтенант Кенжебек Нұрғайсенов жіберілді», - делінген департамент ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына 5 минутта жеткен сақшылар үйдің шатырына көтеріліп, секірмек болып отырған жігітті көрген. Ал полиция қызметкерлерін байқаған жігіт оларға жақындаса секіріп кететіндігін айтып, қоқан-лоқы жасаған. Жігіттің көңілін аулап, уақыт ұту үшін Кенжебек Нұрғайсенов оны әңгімеге тартқан. Әңгімелесу барысында мас күйдегі 28 жастағы жігіттің бірге тұратын келіншекпен ренжісіп қалғаны белгілі болған. Полицейлер жігітті райынан қайтарып, төменге аман-есен түсірді және оған психологиялық көмек көрсетілді.

«Жігіттің назарын басқа жаққа аударып, ақылға келуге, отбасылық жанжалдың әркімде болатындығын және ол өміріңді қиюға себеп емес екендігін айтып көндіруге тырыстық», - деді Еркебұлан Жанкебаев.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385559
Пікірлер

Көрші сілтемелер