Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ата-анасы Мысырда қалдырып кеткен жасөспірім елге оралды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:24 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ata-anasy-mysyrda-kaldyryp-ketken-zhasospirim-elge-oraldy_a3773885


Ата-анасы Мысырда қалдырып кеткен жасөспірім елге оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мысырда қалуға мәжбүр болған 17 жастағы қазақстандық елге аман - есен оралды. Бұл туралы «Туристік қамқор» қоры мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 585 адам коронавирус жұқтырды Алматыда 36 жаңа учаскелік полиция пункті ашылады Сәуірде коронавируспен ауыратындардың саны артуы ықтимал  - Бекшин

Төрт адамнан тұратын отбасы Мысырда демалған. Олар елге қайтатын кезде ПТР тест тапсырған. Үлкен ұлының тапсырған тесті оң нәтиже берген.

Туроператор отбасын Мысырда ұлдарын қалдырып, өздерін Қазақстанға оралуға көндірген. Ата-аналары бұған дейін бозбаланың басқа елдерге жалғыз ұшқанына сеніп, солай істепті.

«Баланың ата-анасы оны Мысырда тастап кеткені дұрыс болған, өйткені ол бортта екі жүзден астам адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін еді. Бұл ретте туроператор барлық жауапкершілікті өз мойнына алды. Жасөспірім қонақ үйде қалды.Барлық шығынды қонақ үй басшылығы көтеріп алды»,-деп хабарлады «Туристік қамқор» қорынан.

Қордағылардың айтуынша, оның келуі мен емделуіне кететін барлық шығындар туристердің мойнына түсті деген ақпарат - жалған.

«Олар жас туристке қамқорлық жасады, оны қолдады. Бұл бизнеске ең лайықты көзқарастың мысалы. Олардың ұстанымдарының арқасында бозбала орналасқан қонақ үйде тұру шығындарын өз мойнына алды. Трансфер толығымен туроператордың есебінен болды. Осы оқиғалар болған кезде туроператор жігітпен, оның ата-аналарымен үнемі байланысын үзген жоқ», - деп атап өтті қордағылар.

Сондай-ақ сақтандыру компаниясының икемділігі мен жауапкершілігі де айтылды. Ұйым хаттамаға сәйкес әрекет етті: ереже бойынша жас жігітті қонақ үй бөлмесінде оқшаулап, тамақпен қамтамасыз етті, оның жағдайын бақылап, тест ақшасын төледі.

Қазақстандық жасөспірім аман-есен елге оралды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385550
Пікірлер

Көрші сілтемелер