Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АҚШ Палестина автономиясына көмек жоспарын жариялады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:20 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/aksh-palestina-avtonomiyasyna-komek-zhosparyn-zhariyalady


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

АҚШ Палестина автономиясына экономикалық және гуманитарлық көмекті жандандыруды жоспарлап отыр. 

Сәрсенбі күні тараған АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Вашингтонның бұл мақсатқа 235 млн доллар жұмсайтыны жазылған. 

75 млн доллар – Газа секторы мен Батыс жағалауын дамытуға, 10 млн – Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) арқылы аймақта бейбітшілікті қалыптастыру бағдарламасын жүргізуге жұмсалады. 150 млн БҰҰ-ның гуманитарлық бағдарламалары аясындағы көмекке кетеді. 

Тағы 15 млн доллар індеттің салдарын жоюға және азық-түлік тапшылығымен күреске бөлінеді. 

Бұған дейін Ақ үй жетекшісі Джо Байден бұрынғы әкімшіліктің жүрген бағытын өзгертетінін мәлімдеген. Палестиналықтар Дональд Трамп әкімшілігін Израиль мүддесін қорғады деп айыптаған. Reuters агенттігі аталған қаржылық жоспарды демократ Байденнің осы бағыттағы елеулі демократиялық қадамы ретінде атап отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385549
Пікірлер

Көрші сілтемелер