Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


АҚШ-та атыс салдарынан бес адам қаза тапты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:18 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aksh-ta-atys-saldarynan-bes-adam-kaza-tapty_a3773879


АҚШ-та атыс салдарынан бес адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан кем дегенде бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Калифорнияда атыс болып, төрт адам қаза тапты Мәскеу маңындағы коттедж қалашығында атыс болды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сәрсенбінің кешінде тұрғын үйде бірнеше адамның мерт болғаны туралы хабар алған соң, бірден оқиға орнына шықты. Оқ жарақатын алып қаза тапқан бес адамның денесі табылды, соның ішінде егде жастағы ер адам мен әйел, олардың немерелері және үйлерінде қызмет еткен ер адам болған.

Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғастып жатыр.

Йорк округі полициясының Twitter-дегі парақшасында қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамның оқиға орнына жақын маңдағы үйлердің бірінен табылғаны хабарланды. Оның ары қарай тағдыры не болатыны жайында ақпарат берілген жоқ.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385545
Пікірлер

Көрші сілтемелер