Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шектеу мен рейд нәтижесіз: Президент сынына елорданың бас санитарлық дәрігері жауап берді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:12 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/shekteu-men-reyd-natizhesiz-prezident-synyna-elordanyn-bas-sanitarlyk-darigeri-zhauap-berdi_a3773874


Шектеу мен рейд нәтижесіз: Президент сынына елорданың бас санитарлық дәрігері жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер күтілген нәтиже әкелмей отыр деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: той-томалақ пен еске алу жиындарын өткізгендерге 4 мыңға жуық хаттама толтырылған Елорда полициясы биік үйдің шатырынан секірмек болған жігітті ажалдан аман алып қалды Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты

Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте шектеу шаралары мен рейдтер күткен нәтижеге жеткізіп отырмағанын айтқан болатын. Осы мәселеге қатысты пікір білдірген Сархат Бейсенова мұның барлығы халықтың шектеу іс-шараларын қалай сақтайтындығына және кәсіпкерлердің жауапкершілігіне байланысты екендігін айтады.

«Яғни, біз ұсынған нақты режимдер сақталған жағдайда эпидемиологиялық жағдайдың белгілі бір деңгейде жақсара түскенін барлық уақытта байқаймыз. Бірақ, оған уақыт керек екені сөзсіз. Екі апталық инкубациялық кезеңді қадағалап отырамыз. Егер бұзушылықтар орын алғанын байқасақ, онда мұнан үлкен нәтиже көре алмаймыз. Дегенмен, белгілі бір нысанда ұзақ уақыт шектеу іс-шараларын қабылдайтын болсақ, сол кезде байланыста болған адамдар арасындағы науқастанудың төмендегенін көреміз»,- деді бас санитарлық дәрігер.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов кәсіпкерлік субъектілерін тексеру іріктеу арқылы жүргізілмейтіндігін айтады.

«Қала тұрғындарынан 102 арнасы, әлеуметтік желілер, мессенджер чаттары арқылы белгілі бір көңіл көтеру орнының карантин режимін бұзғаны туралы хабарлама түседі. Соған орай әрекет етіп, карантин режимінің бұзылуын тексереміз», - деді Арман Айтмағамбетов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385541
Пікірлер

Көрші сілтемелер