Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантин: той-томалақ пен еске алу жиындарын өткізгендерге 4 мыңға жуық хаттама толтырылған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karantin-toy-tomalak-pen-eske-alu-zhiyndaryn-otkizgenderge-4-mynga-zhuyk-hattama-toltyrylgan_a3773863


Карантин: той-томалақ пен еске алу жиындарын өткізгендерге 4 мыңға жуық хаттама толтырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап банкеттер мен үйлену тойларының, мерейтойлар мен өлім-жітім науқанының карантин талаптарын сақтамай өткізілгені үшін 3 935 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осылай айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзғандарға қанша айыппұл салынды Мониторинг топтар елорданың қоғамдық көліктерін неге тексермейді

«Азаматтардан карантин талаптарын сақтамаған мекемелер мен ұйымдар, жекелеген азаматтар туралы 575 шағым, арыз,, ал мекемелер мен ұйымдардан жекелеген азаматтардың тәртіпке бағынбағаны туралы 20 шағым, арыз түсті.

2020 жылдың 5 шілдесінен бастап отбасылық, еске алу іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізілгені үшін 3 935 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», - дейді комитет басшысы.

Айжан Есмағамбетова карантин талаптарын бінеше рет қайталап бұзғандардың саны жүздеп саналатынын айтады.

«Қазіргі таңда карантин талаптарын ескермей, 2 және одан да көп айыппұлға тартылған 507 өрескел бұзушылар анықталып отыр. Оның ішінде 481-і шағын кәсіпкерлік объектілері, 4-і орта кәсіпкерлік объектілері болса, 22-сі - жеке тұлғалар», - делінген жауапта.

Комитеттің статистикасына сүйенсек, 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап карантиндік шектеулерді бұзғандардың үсінен 38173 хаттама толтырылып, 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385533
Пікірлер

Көрші сілтемелер