Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:54 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-kalasynyn-zhana-akimi-tagayyndaldy_a3773864


Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ басқармасының төрағасы тағайындалды Ақтөбе облысында жолға жауапты басқарма басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды.

Ғ. Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-шы жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған.

1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ші ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері.

1992-2013 жылдары «Нефтегазстрой Кызылорда» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «ССК «Ақмешіт» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамының бас директоры, «Транснефтьсервис» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.

2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385525
Пікірлер

Көрші сілтемелер