Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Асхат Аймағамбетов  вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:51 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ashat-aymagambetov-vakcinaga-katysty-mugalimderge-undeu-zhasady_a3773865


Асхат Аймағамбетов  вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға орай пікір білдірді Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты Президент неге «Спутник-V» вакцинасын салдырды

«Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде вакцина салғандардың 17 пайызы мұғалімдер. Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.

«Сондықтан біздің сарапшыларға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырып, тиісті жағдай жасайды деп үміттенемін», - деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым министрі өзінің отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385524
Пікірлер

Көрші сілтемелер