Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Целиноград ауданында 11 елдімекенді су басты - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 13:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126607/%d1%86%d0%b5%d0%bb%d0%b8%d0%bd%d0%be%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%b4-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-11-%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%b4%d1%96-%d1%81%d1%83/


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 11 елдімекенде су көше бойын алып кеткен. Құтқарушылар қазіргі уақытта апаттан құтқару үшін еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Күрт еріген қардан облыс аумағындағы су басу қаупі төнген аймақтарда қауырт тірлік жүріп жатыр. Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті барлық күш-құрылымдарының құтқару жұмысына жұмылдырылғанын баяндады.

 

«Қоянды ауылындағы жылдам ерігер қардың суынан суға кеткен үш үй мен олардың ауласынан суды сору жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында суды сорып жатыр. Бүгін таңертең 10:35-те Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының МИ-869 тікұшағы су тасқынының жағдайына мониторинг жүргізу үшін Вячеслав су қоймасы-Қоянды-Илинка» бағыты бойынша ұшып шықты. Тікұшақ бортында төтенше жағдайлар департаментінің, Ақмола облысы әкімдігінің, экология, геология және табиғи ресурстарды министрлігінің және «Қазгидромет» РМК өкілдері бар», – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Қазіргі таңда Ақмола облысында елдімекендерді су басуына жол бермеу мақсатында қар шығарылып жатыр. Жалпы облыс аумағынан 447 813 текше метр қар шығарылса, сондай-ақ 177921,8 текше куб су сорылған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385521
Пікірлер

Көрші сілтемелер