Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тұтынушы құқығы бұзылған алматылықтарға 27 млн теңге қайтарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:36 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tutynushy-kukygy-buzylgan-almatylyktarga-27-mln-tenge-kaytaryldy_a3773855


Тұтынушы құқығы бұзылған алматылықтарға 27 млн теңге қайтарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқығын көбіне электрондық сауда, бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер және көлік салалары бұзады. Бұл туралы Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Махатова онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы қаласында тауар ақша қатынасы аясында тұтынушылардың құқықтарын бұзумен байланысты көптеген проблема бар. Азаматтар тауар сапасының төмендігіне, тіптен сатушының алдауына тап болады.

Елде тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылатыны арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері мен өтініштер статистикасынан көруге болады.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша респонденттердің тек 1%-ы тұтынушылардың құқықтарын сақтай отырып, қазіргі жағдайды өте жақсы бағалады, орташа - 3,6%, қанағаттанарлықсыз - 86,8%, жауап беруге қиналғандар - 8,6%. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу жағдайының өзгеруі туралы сұраққа 42,8% - ы жақсы болды, 37% - ы өзгеріссіз, 20% - ы нашар және 0,2% - ы жауап беруге қиналды.

2020 жылы департаментке тұтынушылардан 1480 шағымы келіп түскен, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп (440 шағым). Олардың жартысынан көбі - 80% салалық органдардың құзыретіне тікелей қатысты.

«Өткізілген іс-шаралар аясында тұтынушыларға 27 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Тұтастай алғанда, салалар тұрғысынан электрондық сауда, бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер және көлік салаларын неғұрлым проблемалы деп санауға болады. Бұл сондай – ақ әлеуметтік зерттеумен расталады, респонденттердің 45% – ы электрондық сауда саласының қызметтеріне, оның ішінде тапсырысты орындау мерзімдеріне сәйкес келмеуі, бөлшек сауда бойынша-45,6%, яғни тауар сапасына сәйкес келмеуі. Ал респонденттердің 46,4%-ы тұрмыстық көрсетілетін қызметтерге, оның ішінде жиһазды жөндеу және дайындау ісіне қанағаттанбайтынын айтқан»,-дейді Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Махатова


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385510
Пікірлер

Көрші сілтемелер