Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлттық банк нарықтағы бағаны бақылайтын жоба жасап жатыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ulttyk-bank-naryktagy-bagany-bakylaytyn-zhoba-zhasap-zhatyr_a3773851


Ұлттық банк нарықтағы бағаны бақылайтын жоба жасап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Төлеуов Galymzhan баға мониторингі жүйесі мен аймақтардағы инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Galymzhan – Ұлттық банк мамандары жасап шығарған және үнемі жетілдіріп отырған аналитикалық бағдарлама. Бұл құрал ең алдымен инфляцияның прокси-индикаторын құру арқылы тұтыну нарығындағы бағаны күн сайын бақылау үшін және сол кездегі жағдайға баға беру үшін пайдаланылады.

Инфляциялық таргеттеу саясатын ұстанатын орталық банктер үшін қазіргі уақытта болып жатқан инфляциялық үрдістерді бақылау және талдау маңызды екені анық. Бағаның өзгерісіне қатысты уақытылы ақпарат алып отырса, әр түрлі дағдарыс кезінде әрекет етіп, қажет болған жағдайда ақша-кредит саясаты бойынша шешімдерді уақытында түзетуге мүмкіндік береді. Бірақ, солай бола тұра, тұтынушы корзинасындағы тауарлардың бағасындағы өзгеріске жедел анализ жасауды тежеп отырған фактор – ресми баға статикасының жиі жариялануы.

«Мәселен, айдың соңында Қазақстанда тұтыну бағаларының индексін Ұлттық статистика бюросы жариялайды, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының инфляциясы туралы мәліметтер апта сайын ұсынылады. Бұл өте маңызды және жедел ақпарат. Алайда, жекелеген сәттерде экономикалық жағдайға неғұрлым егжей-тегжейлі және тиімді талдау жүргізу жеткіліксіз болуы мүмкін. Осыған байланысты Galymzhan жүйесі сияқты заманауи әдістер мен құралдардың қажеттілігі туындайды»,- дейді Олжас Төлеуов.

Оның айтуыша, Galymzhan жүйесінің жұмысы веб-скрепинг технологиясын қолдануға негізделген, яғни, интернеттегі бағалар туралы ақпарат автоматтандырылған тәсілмен жиналады.

«Біз қазір жүйенің екінші нұсқасын дайындап жатырмыз, ол Galymzhan 2.0 деп аталады. Ол әзірге сыналып жатыр. Бағдарлама күн сайын Қазақстанның 6 қаласындағы әр түрлі брендтердің 16 ресми интернет-ресурсында бар 140 мыңға жуық азық-түлік және тұтыну тауарларын бақылайды. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен қалалары. Көп ұзамай солтүстік пен батыстағы қалаларды да қамту ойда бар. Сонымен, NWPT тобы бойынша біз баға индикаторларын толық біріктіру арқылы күн сайын 19 тауар категориясы бойынша 5000 азық-түлік тауарлары-өкілдері туралы ақпарат жинаймыз. Яғни, орта есеппен NWPT себетінен бір тауар санатына шамамен 263 өкіл-тауардан келеді. Сонымен бірге, 2018 жылы құрылған Galymzhan 1.0 жүйесінің бірінші нұсқасында тұтыну себеті өнімнің бір санатына тек бір тауардан келген. Өкілетті тауарлардың неғұрлым көп мөлшерін қолдану үлгінің репрезентативтілігін арттыруға және соңғы есептелген индекс динамикасының құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік берді»,- Ұлттық банк өкілі.

Galymzhan жүйесінің жалпы мақсаты – белгілі бір деңгейде Қазақстандағы инфляциялық процестердің динамикасын көрсететін прокси-инфляция индикаторын құру екенін атап өткен жөн. Бағалар туралы жинақталған мәліметтер оларды Қазақстандағы тұтынушылық инфляцияның жетекші болжамы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Galymzhan жүйесіндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тобы бойынша біз жинақтаған мәліметтерді талдау барысында интернет-дүкендердің мәліметтері Ұлттық статистика бюросының классикалық зерттеу әдісімен белгіленген бағалармен салыстырғанда тез өзгеретіні анықталды. Бұл интернет-дүкендердегі тауар айналымының жоғарылауымен және бағаны жаңартуға айқын шығындардың болмауымен байланысты болуы мүмкін. Макроэкономикадағы бұл құбылыс «мәзір эффектісі» деп аталады»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, интернет-дүкендердегі бағаның өсу қарқыны көп жағдайда бөлшек сауда нүктелеріне қарағанда төмен екенін байқадық. Болжам бойынша, бұл факт өзінің жеке интернет-дүкенінің болуы ірі азық-түлік тізбегінің құзыретіне байланысты, мұнда түпкілікті өнімнің құны масштабты үнемдеуге байланысты жалғыз сауда нүктелерімен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

«Біз, сондай-ақ, онлайн-бағаның өзгеруі мен Ұлттық статистика бюросының классикалық зерттеу әдісімен тіркелген бағалар арасындағы уақыттың артта қалуын байқадық. Бұл, өз кезегінде, Galymzhan жүйесімен есептелген индикаторды жетекші индикатор ретінде және әлеуметтік маңызды өнім бағаларының өзгеруі туралы ресми деректердің болжамы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді»,-дейді ол.

Galymzhan 2.0 жүйесінің артықшылығы - нарықтағы аяқ асты кезеңдерде баға динамикасына терең талдау жүргізе алатынын көрсетіп отыр.

«Өз кезегінде, сарапшылар, академиялық орта мен қаржы нарығының қатысушылары үшін жүйенің нәтижелері маңызды ақпарат көзіне айналуы мүмкін, оның негізінде инфляциялық процестерге қатысты маңызды және егжей-тегжейлі ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге болады»,- деп қортындылады Олжас Төлеуов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385505
Пікірлер

Көрші сілтемелер