Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:24 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karagandy-oblysynda-erigen-kar-suy-ush-zholdy-basyp-kaldy_a3773845


Қарағанды облысында еріген қар суы үш жолды басып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты жолдардың үш учаскесін су басты. Дегенмен көліктердің қозғалысы тоқтамады. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды Жамбыл облысында 19 елді мекенде су тасқыны қаупі төмендеді Шығыс Қазақстанның 2 ауданында тасқын қаупі жоғары

Тасқын су Осакаров ауданында, Молодежный кентінен 7 км жерде, Қызылорда - Павлодар тас жолының 1058-ші шақырымында болды;

Осакаровка - Молодёжный тас жолының 8-ші шақырымында; Нұра ауданында Нұрсұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау жолының 148- 149-шы шақырымында. Мұнда ескерту белгілері орнатылып, жол қызметі, жергілікті полиция қызметі және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.


Автомагистральдарға орнатылған су өткізгіштер тасқын сулардың кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.

«Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты және су тасқынына қарсы облыстық жедел штабтың қатаң бақылауында», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде.

Өткен жылы 74 жол учаскесінде су өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Наурызда Осакаров ауданындағы Сабырқожа, Абай ауданындағы Нұра және Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ақтоғай және Бұқар жырау облыстарындағы Ақтас және Нұра өзендерінде бұрғылау және мұз кесу жұмыстары аяқталды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385499
Пікірлер

Көрші сілтемелер